жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде 36 млн тонна мал азығы дайындалды

Елімізде 36 млн тонна мал азығы дайындалды
Жамбыл облысының әкімдігі
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,9 млн тонна шөп (жоспардың 101,5%-ы), 1,9 млн тонна пішендеме (112,5%), 3,2 млн тонна құрамажем (56,8%), 2 млн тонна сабан (97,0%), 4,1 млн тонна сүрлем (88,6%) дайындалды.

- Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жоспар орындалғаны байқалады. Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты, - делінген АШМ хабарламасында. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар