Елімізде каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш еседен астам өсті
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері суару каналдарын механикалық тазалау қарқыны үш еседен астам артты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәселен, 2023 жылы «Қазсушар» РМК филиалдары 562 шақырым канал тазаласа, 2024 жылы – 1148 шақырым, 2025 жылы – 1840 шақырым канал тазартылды. Биыл жыл басынан бері 700 шақырым канал механикалық тәсілмен тазартылды. Жыл соңына дейін 2211 шақырым канал тазалау жоспарланып отыр.
Бұл шаралар каналдардың су өткізу қуатын арттырып, суармалы жерлерге су жеткізуді жақсартуға бағытталған.