жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде композиторларға автоматты сыйақы төлеу жүйесі енгізілмек

Елімізде композиторларға автоматты сыйақы төлеу жүйесі енгізілмек
Canva
Жоба аясында музыка пайдаланушылар мен композиторлар арасындағы есеп айырысу толық автоматтандырылып, авторлық құқықтарды қорғау тетігі күшейтіледі.

Елімізде композиторлардың еңбегін әділ бағалауға бағытталған жаңа цифрлық жүйе енгізілмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жаңа платформа арқылы концерт залдары, телеарналар мен түрлі ұйымдар музыкалық туындыларды пайдалану бойынша келісімшарттарды онлайн жасай алады. Бұл жүйе авторларға өз шығармаларының қашан және қай жерде орындалғанын нақты бақылауға мүмкіндік береді.

Әділет министрлігі кәсіпкерлерге музыканы автоматты түрде анықтап, деректерді базаға жолдайтын арнайы құрылғылар орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар Сенат концерттерде 200-ден астам көрермен болған жағдайда фонограмма қолдануға тыйым салуды және бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет платформаларда музыканы пайдаланған кезде автордың есімін міндетті түрде көрсетуді көздейтін заң жобасын түзетулермен Мәжіліске қайта жолдады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар