Елімізде сұранысқа ие препараттар 11 пайызға арзандады
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025
- 169
Вице-министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасын қайта қараған. Бұдан былай маркетингтік және көлік шығыстары дәрі-дәрмек бағасын есептеуге кірмейді, ал генериктердің құны бастапқы препараттарға қарағанда 30%-ға арзандатылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бөлшек сауда желісінде, ТМККК және МӘМС жүйелерінде 8 мыңға жуық дәрі-дәрмек атауының бағасы өзгерді. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу 70,5 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат дәрі-дәрмектің қосымша қажеттілігін жабуға жұмсалады.
Дәріхана желілерінің мониторингі көрсеткендей, қазан айында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 11%-ға төмендеді. Баға ең көп төмендеген топтар – жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған дәрілер, антибиотиктер және қабынуға қарсы препараттар.






