сейсенбі, 9 желтоқсан, 2025 23:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде ұзындығы 4,9 мың шақырым ақылы жолдар желісі жаңартылуда

Елімізде ұзындығы 4,9 мың шақырым ақылы жолдар желісі жаңартылуда
istockphoto.com
Биыл ұзындығы 1,7 мың шақырым болатын 9 жаңа жол учаскесі іске қосылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол биыл ұзындығы 1,7 мың шақырым болатын 9 жаңа жол учаскесі іске қосылғанын хабарлады.

«Осылайша ақылы учаскелердің жалпы саны 26 бірлікке, ал ұзындығы 4 900 шақырымға жетті. Осы жылдың 11 айында ақылы жолдардан 79 млрд теңге түсті», — деді Дархан Иманашев.

Бұл қаражатқа ұзындығы 4,9 мың шақырым 26 ақылы учаскені күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу, ақы алу жүйесінің инфрақұрылымын қамтамасыз ету, сондай-ақ соңғы жылдары 1 мыңға жуық жол-пайдалану техникасы сатып алынғаны, инвестор шығындарын өтеу және өзге де әкімшілік шығыстар жүзеге асырылғаны атап өтілді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар