Елімізде ұзындығы 4,9 мың шақырым ақылы жолдар желісі жаңартылуда
Биыл ұзындығы 1,7 мың шақырым болатын 9 жаңа жол учаскесі іске қосылды
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет отырысында ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол биыл ұзындығы 1,7 мың шақырым болатын 9 жаңа жол учаскесі іске қосылғанын хабарлады.
Бұл қаражатқа ұзындығы 4,9 мың шақырым 26 ақылы учаскені күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу, ақы алу жүйесінің инфрақұрылымын қамтамасыз ету, сондай-ақ соңғы жылдары 1 мыңға жуық жол-пайдалану техникасы сатып алынғаны, инвестор шығындарын өтеу және өзге де әкімшілік шығыстар жүзеге асырылғаны атап өтілді.