Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 қараша, 2025
- 608
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дауылды ескертулер сақталады:
25 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
25-26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ: 25 қарашада тұман, түнде көктайғақ күтіледі.
25 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының батысында, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
25 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
25 қарашада Ақмола облысында тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
25 қарашада Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
25 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
25 қарашада түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
25 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
25 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
25 қарашада түнде Қарағанды облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с.
25 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман күтіледі.
25 қарашада Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
25 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
25 қарашада Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
25 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.






