Еліміздің өңірлерінде алдағы күндері қар жауып, боран соғады
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қараша, 2025
- 2.4k
Қазгидромет синоптиктері 4, 5 және 6 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдағы күндері Қазақстан аумағы Атлант циклонының ықпалында болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) мен желдің күшеюіне әкеледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, ал елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады деп болжанады.
"Тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты оңтүстік өңірлерде де жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады) күтіледі, ал Қазақстанның солтүстік жартысында кей өңірлерде қар жауады", – делінген хабарламада.
Ауа температурасы қалай өзгереді?
Күндіз ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанады:
солтүстік пен орталықта -2...-10 градусқа дейін,
оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +2...+7 градусқа дейін.






