Енді жүргізуші куәлігін алу бұрынғыдан да жеңілдей түспек
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, жүргізуші куәлігін алғаш рет рәсімдеу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өтініш жіберілген соң азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Ал мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін ғана мамандандырылған ХҚО бөлімінде төленеді.
Жаңа тәсіл жүргізуші куәлігін алу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.