Энергетика министрлігі: Елде газ тапшылығы жоқ
Орынбор газ өңдеу зауытының жұмысы уақытша тоқтағанына қарамастан, бұл жағдай Қазақстанға газ жеткізу процесіне әсер еткен жоқ.
Энергетика министрлігі Орынбор ГӨЗ-індегі шикізат қабылдау үзілісіне қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған «Астана мен бірқатар өңірлерде газ тапшылығы туындауы мүмкін» деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Серіктес тараптың дерегінше, алдағы күндері Орынбор ГӨЗ-де газ қабылдау қайта жанданады деп күтілуде.
Министрлік атап өткендей, Қарашығанақта жаңа газ өңдеу зауытын салу – Үкіметтің стратегиялық бағыттарының бірі саналады және қазір бұл жоба пысықталу үстінде.
Энергетика министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратпауға шақырды.