Елімізде

Энергетикалық нысандардың жұмысы онлайн-мониторинг жүйесі арқылы бақыланады

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Премьер-министр Үкімет отырысында Энергетика министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін «Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін» құру және оған қолдау көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Аталған жүйе онлайн-мониторинг арқылы энергетикалық нысандар жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.