Ертіс өзенінің экожүйесін сақтау үшін 6,3 млрд текше метр су жіберіледі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысы аумағындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені бассейнінің экожүйесін қолдау және сақтау үшін қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы су жіберу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалпы алғанда су қоймасынан 6,3 млрд текше метр су жіберу жоспарланып отыр.
Су жіберу жұмыстары 4 мамырға дейін жалғасады. Негізгі кезеңі 30 сәуірге дейін өтеді. Осы уақыт аралығында су жіберу көлемі секундына 2000-3500 текше метрді құрайды. Ең жоғары көлем секундына 3500 текше метр болады. Бұл көлем 10 тәулік бойы жіберіледі.
Су жіберу басталғанға дейін Шүлбі су қоймасынан төмен орналасқан өзен арнасында дайындық жұмыстары жүргізілді.