бейсенбі, 11 желтоқсан, 2025 4:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытынды құрылтайы өтті
Фото - ашық дереккөз
Құрылтай барысында Qazaq Tili Endowment Foundation қорының қызметі, жарна туралы, Қоғам атынан берілетін марапаттар ережесі және аймақтық филиал төрағаларын сайлау ережелері таныстырылды

Бүгін Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жылдық қорытындықұрылтайы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құрылтайға ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Желдібай Руслан Сұлтанұлы, ҚР Парламент депутаттары, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамыныңқұрылтайшылары және Орталық кеңес мүшелері, қордемеушілері, өңірлік филиал төрағалары менделегаттар қатысты.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының басшысыРауан Кенжеханұлы 2025 жылға арналған іс-қимыл жоспары аясында атқарылған жұмыстарды таныстырды. Соңғы үш жылда 60-тан астам, ал биылдың өзінде аймақтық, республикалық және халықаралық деңгейдегі 25-ке жуық іс-шара өткізіліп, қазақ тілінің мәртебесін арттыру мен қолданыс аясын кеңейту бағытында маңызды жобалар жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапары кезінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI компаниясының ChatGPT-дің қазақ тіліндегі мүмкіндіктерін дамыту туралы келісім жасалғаны атап өтілді. Келіссөз аясында қазақ тіліндегі деректер көлемін ұлғайту, модельдер дәлдігін арттыру және сапалы оқу контентін интеграциялау мәселелері талқыланды.

Құрылтай барысында Qazaq Tili Endowment Foundation қорының қызметі, жарна туралы, Қоғам атынан берілетін марапаттар ережесі және аймақтық филиал төрағаларын сайлау ережелері таныстырылды. Алдағы кезеңде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру, оқу сауаттылығын күшейту, бизнесте, IT саласында және қоғамдық өмірде қазақ тілін кеңінен қолдану, сондай-ақ қазақ тілді контентті цифрлау жұмыстарына ерекше басымдық беріледі. Осы мақсатта 2026 жылға арналған іс-қимыл жоспары бекітіліп, жаңа міндеттер белгіленді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар