Елімізде
ҰҚК: Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде қозғалыс шектелуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 14 тамыз, 2025
- 464
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мәлімдеді
Қостанай облысының «Желқуар», «Аят», «Обаған», «Ақбалшық» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қызыл жар» автокөлік өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жағдай Ресейдің «Мариинский», «Николаевка», «Звериноголовское», «Воскресенское» және «Казанское» өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстарының (2025 жылғы 15 тамыздан бастап) жүргізілуіне байланысты.
— Осы мән-жайларды ескеріп, қозғалыс маршрутын алдын ала түзетуді сұраймыз. Басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген, — делінген хабарлады.






