жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Күзгі мерекелер: 2025 жылы қазақстандықтарды күтіп тұрған қосымша демалыс күндері

Күзгі мерекелер: 2025 жылы қазақстандықтарды күтіп тұрған қосымша демалыс күндері
Pixabay.com
2025 жылдың күзіне қарай қазақстандықтар мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша екі күн демалады.

1 қыркүйек, дүйсенбі – бес күндік жұмыс аптасында істейтін барлық тұрғындар үшін демалыс күні болады. Бұл – 30 тамыздағы Конституция күні сенбіге түсетіндіктен, демалыстың ауыстырылуынан туындаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда жалпыұлттық референдумда қабылданды. 2022 жылы оның 33 бабына 56 түзету енгізілді, бұл өзгерістерді қазақстандықтардың басым бөлігі референдумда қолдады.

Қазанда Қазақстанда Республика күні аталып өтеді. Биыл мерекелік күн – 25 қазан – сенбіге түсіп тұр, сондықтан демалыс ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазанда демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесі барлар үшін 27 қазан жұмыс күні болып қалады.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған. Бұл күн 1995 жылғы қазанда ұлттық мереке болып жарияланды, алайда 2009 жылдан бастап тойланбай қалды. 2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мереке мәртебесі қайта берілді.

Қараша айында қосымша демалыс болмайды – бұл айда мемлекеттік және ұлттық мерекелер жоқ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар