жұма, 24 сәуір, 2026 17:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кентауда нөсер жаңбыр жауып, су деңгейі 10–25 см-ге дейін көтерілді

Кентауда нөсер жаңбыр жауып, су деңгейі 10–25 см-ге дейін көтерілді
Төтенше жағдайлар министрлігі
Кей жерлерде су деңгейі 10–25 см-ге дейін көтерілген.

Түркістан облысы Кентау қаласында нөсерлі жауын-шашын салдарынан бірқатар аумақтарды су басты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кей жерлерде су деңгейі 10–25 см-ге дейін көтерілген.

Жағдайға жедел әрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен арнайы жедел штаб құрылды. 

Салдарды жою жұмыстарына шамамен 180 адам, 24 мотопомпа және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар су басқан аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындар мен ұйымдарға көмек көрсетті. Су сору жұмыстары барысында инертті материалдар толтырылған 500 қап қолданылып, жалпы көлемі 2 425 текше метр су сорылып шығарылды.

Қазіргі уақытта су сору жұмыстары толық аяқталып, жағдай бақылауға алынды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар