Елімізде

Үкімет 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үкімет Президент тапсырмаларын орындау аясында 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру және өңірлердің тұрақты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті.

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен дамудың басты бағыттары негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталғанын атап өтті. Бұл – агломерациялар, моноқалалар, тіреу ауылдар және жаңа Алатау қаласы. 

Құжатта әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерді азайтуға ерекше көңіл бөлінеді.