Елімізде

Ұлттық жоба аясында 11 электр станциясы жаңғыртудан өтеді

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жоба аясында Энергетика министрлігі үшін басым бағыттардың бірі – қолданыстағы энергия көздерін техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту болмақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жалпы, 11 электр станциясында жаңғырту және кеңейту жобалары іске асырылады:

Ақсу ГРЭС-інің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);

Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1 100 МВт);

Қарағанды ЖЭО-сын кеңейту (140 МВт);

Өскемен ЖЭО-сын кеңейту (100 МВт);

Топар ГРЭС-ін жаңғырту (250 МВт);

Шахтинск ЖЭО-сын кеңейту (130 МВт);

Балқаш ЖЭО және Жезқазған ЖЭО-да турбоагрегат енгізу (50 МВт);

Согра ЖЭО-сын кеңейту (50 МВт);

«Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту (230 МВт);

Степногорск ЖЭО-сын жаңғырту (30 МВт).

Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт көлемінде қосымша генерация қуаты енгізіліп, электр станцияларының тиімділігі артады және олардың қауіпсіз пайдалану мерзімі ұзартылады.