Мәжіліс өңірлерге бөлінетін субвенция көлемін 16,5 млрд теңгеге ұлғайтты
- авторБақытжан Бекболат
- 22 қазан, 2025
- 707
Мәжіліс «2026–2028 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігі жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің ережелерін ескере отырып болжанды. Жалпы трансферттерді есептеу кезінде жаңартылған әдістеме, ең төменгі және өңірлік стандарттар жүйесі қолданылып, өңірлердің өз кірістерін арттыруға ынталандыру тетіктері енгізілді.
Келесі үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі төмендегідей бекітілді:
Бюджеттік субвенциялар:
2026 жыл – 5 137 567 833 мың теңге
2027 жыл – 6 357 838 886 мың теңге
2028 жыл – 6 796 559 470 мың теңге
Бюджеттік алып қоюлар:
2026 жыл – 879 947 069 мың теңге
2027 жыл – 1 079 818 403 мың теңге
2028 жыл – 1 400 607 718 мың теңге
Талқылау барысында мемлекеттік қарызға қызмет көрсету есебінен өңірлерге бөлінетін субсидиялар көлемін 16,5 млрд теңгеге ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.
Бұл қаражат елдімекендердің әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға, қолданыстағы және іске асырылып жатқан жобаларды аяқтауға, сондай-ақ ауыл кәсіпкерлерінің агроқұзыреттерін арттыруға, оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға бағытталмақ.






