дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 12:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мамыр айындағы мерекеде қайда баруға болады

Мамыр айындағы мерекеде қайда баруға болады
Фото: Алтынбек Қартабай
Қазақстанда мамыр айы мерекелер мен ұзақ демалыстардың көптігіне байланысты жыл сайын ең мазмұнды кезеңдердің бірі саналады. Бұл – ел ішінде саяхаттап, жаңа өңірлерді танып, түрлі мәдени және туристік іс-шараларға қатысуға қолайлы уақыт.

Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесіне енген мамыр айындағы бірқатар негізгі жобалардың өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биылғы күнтізбеге енген 55 ірі іс-шара ішкі туризмді дамытуға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді ілгерілетуге бағытталған.

Жыл басынан бері күнтізбе аясында бірқатар іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Олардың қатарында Burabay Ice фестивалі, қысқы дрифт кубогы, «Амал келді – жыл келді» халықаралық гастрономиялық фестивалі, Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі, сондай-ақ мыңдаған көрермен мен туристі жинаған Шымкенттегі «Дәмдәстүр» фестивалі бар.

Мамыр айындағы бағдарлама осы игі үрдісті жалғастырып, туристерге демалыстың түрлі форматтарын ұсынады. Табиғи және этномәдени фестивальдерден бастап халықаралық жарыстарға дейін. Әрбір іс-шара туралы толық ақпаратты карусельден көре аласыз.

Айта кетейік, іс-шаралар күнтізбесіндегі барлық мәлімет event.qaztourism.kz бірыңғай платформасында қолжетімді. Онда күндер, өтетін орындар мен форматтар туралы өзекті ақпарат ұсынылған. Бұл туристерге сапарларын алдын ала жоспарлап, ыңғайлы бағытты таңдауға мүмкіндік береді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар