Құмар Ақсақалов: Қостанай облысы – республикамыздың машина жасау орталығы
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өңірдің 2025 жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жайлы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, экономиканың барлық салаларында оң серпін бар. Жыл басынан бері 24,1 мың жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының 23% төмендеуіне қол жеткізілді. Қостанай облысы машина жасау өндірісінің көлемі бойынша республикада көш бастап тұр. Ол Республика өндірісінің 25%-тен астамын құрайды. Бүгінде облыс кәсіпорындары өндіріске инновацияларды, цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізуде және өнеркәсіптік роботтарды пайдалануда.