жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министр Ғани Бейсембаев Жамбыл облысында болған қайғылы жағдайларға байланысты кеңес өткізді

Министр Ғани Бейсембаев Жамбыл облысында болған қайғылы жағдайларға байланысты кеңес өткізді
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысындағы соңғы оқиғалар балалар қауіпсіздігі мәселесін күн тәртібіне шығарды. Осыған байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінде шұғыл кеңес өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиынға облыс әкімінің орынбасары, білім басқармасы, полиция, Балаларды психологиялық қолдау орталығы, Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл және «Өркен» институтының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында өңірдегі жағдай туралы баяндалды. Мектеп ішінде де, мектептен тыс ортада да алдын алу шаралары жеткіліксіз, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік қолдау шаралары әлсіз, әлеуметтік педагогтердің жұмысы толық іске асырылмай отыр.

Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 29 қыркүйектен бастап Жамбыл облысына Республикалық ведомствоаралық мониторингтік топ жіберіледі. Оның нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарды азайтуға бағытталған жергілікті Жол картасы әзірленеді, сондай-ақ балалардың психологиялық қауіпсіздігіне әдістемелік көмек көрсетіледі.

Кеңес қорытындысы бойынша министр өңірде Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын жедел ашуды, педагог-психологтардың санын арттыруды, Психологиялық қолдау орталығы мен қамқоршылық органдарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, «Өркен» институты мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру бойынша оқу ұйымдастырады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар