“Наурыз” тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 31 наурызға дейін қабылданады.
Бүгін, 10 наурыздан бастап “Наурыз” тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бағдарламаға қатысуға өтінімдер 31 наурызға дейін қабылданады.
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Отбасы банкінің салымшылары
Банкте депозиті бар және шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар азаматтар
Соңғы 5 жыл ішінде өзінің де, отбасы мүшелерінің де атында тұрғын үй болмағандар
Өтінім қалай беріледі?
Өтінім беру толықтай онлайн форматта жүргізіледі. Ол үшін Baspana Market порталына кіріп, жеке кабинет арқылы өтінім жолдау қажет. Нәтижесі сол жерде жарияланады.
Несие шарттары
Бастапқы жарна:
Таза әрленген жаңа пәтерге — 10%-дан бастап
Әрленбеген жаңа немесе екінші нарықтағы тұрғын үйге — 20%-дан бастап
Сыйақы мөлшерлемесі:
Әлеуметтік осал топтарға — 7% (ЖТСМ 7,1%-дан)
Қалған қатысушыларға — 9% (ЖТСМ 9,4%-дан)
Ең жоғары несие сомасы:
Өңірлерде — 30 млн теңгеге дейін
Астана мен Алматыда — 36 млн теңгеге дейін
Несие мерзімі: 19 жылға дейін.
Қандай тұрғын үйді сатып алуға болады?
Астана, Алматы және облыс орталықтарында тек бірінші нарықтағы жаңа тұрғын үйлерді сатып алуға мүмкіндік бар.
Ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде бірінші және екінші нарықтағы үйлерді алуға рұқсат етіледі.
Пәтерді Baspana Market порталы арқылы таңдай аласыз.