Найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 қыркүйек, 2025
- 891
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының және оған ілескен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері байқалады. Соның салдарынан көптеген өңірлерде найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауып, қатты жел тұрады.
Синоптиктердің болжамынша:
6 қыркүйекте солтүстік-батыста,
7–8 қыркүйекте солтүстікте,
8 қыркүйекте шығыс пен орталықта қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауылды жел күтіледі.
Бұған қоса, республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде тұман түсуі ықтимал. Ал еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
"Температуралық фон бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +15…+25°С;
Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +13…+20°С;
Орталықта түнде +7…+18°С, күндіз +15…+23°С;
Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +22…+30°С;
Шығыста температура көтеріледі – түнде +5…+15°С, күндіз +20…+28°С;
Батыста және оңтүстік-шығыста температуралық фон айтарлықтай өзгермейді", — делінген хабарламада.






