Найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы Қазгидромет мамандары мәлімдеді
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының және оған ілескен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері байқалады. Соның салдарынан көптеген өңірлерде найзағаймен бірге өткінші жаңбыр жауып, қатты жел тұрады.
Синоптиктердің болжамынша:
6 қыркүйекте солтүстік-батыста,
7–8 қыркүйекте солтүстікте,
8 қыркүйекте шығыс пен орталықта қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауылды жел күтіледі.
Бұған қоса, республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде тұман түсуі ықтимал. Ал еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.