жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Оқушылар соққыға жыққан». Алматы облысында жасөспірім қаза тапты

«Оқушылар соққыға жыққан». Алматы облысында жасөспірім қаза тапты
Фото - ашық дереккөз
Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы облысында 14 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол жоғарғы сынып оқушыларының қатыгез соққысының салдарынан көз жұмған.

Қайғылы жағдай 13 қыркүйекте болған. Әлихан серуендеуге шығып, бір сағаттан кейін ес-түссіз күйде табылған. Әкесі барғанда, балада жарақаттар болған, ал куәгерлер оның құлап қалғанын айтқан.

«Мен барғанда ұлымның жанында шамамен он шақты адам тұр екен. «Не болды?» деп сұрағанымда олар «Балаңыз кенеттен құлап қалды» деп жауап берді», - дейді марқұмның әкесі Данияр Нұрғалиев.

Жақындары Әлиханның соққыға жығылғанына сенімді. Әкесінің айтуынша, дүкен камерасынан түсірілген видеода бір топ жоғары сынып оқушысы баланы тоқтатып, қараңғы көшеге қарай ертіп кеткені анық көрінеді.

«Біз баламызды жансақтау бөліміне әкеліп, дәрігерлерден себебін сұрадық. Олар баланың соққы алғанын айтты. Менің ойымша, оны қасақана сол қараңғы көшеге алып барған, ол камерадан да көрінеді»,–дейді Данияр Нұрғалиев.

Талғар аудандық полициясы қылмыстық іс қозғап, бір жасөспірімді ұстағае. Марқұмның туыстары істі қайта саралауды және барлық қатысы бар адамды жауапқа тартуды талап етіп отыр.

«Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу, оның өліміне әкелу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот шешімімен қамауда ұстау шарасы санкцияланды»,- деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар