жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қостанай облысындағы цифрлық кәсіпорындардың үлесі 34%-ға өсті

Қостанай облысындағы цифрлық кәсіпорындардың үлесі 34%-ға өсті
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкімет отырысында аймақ әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.

Қостанай облысында IT-шешімдерді енгізетін өнеркәсіп объектілерінің саны соңғы екі жылда екі есеге жуық өсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егер 2022 жылы технологияны кәсіпорындардың 17,8%-ы пайдаланса, бүгінде бұл көрсеткіш 34%-ға жетті.

Бұл туралы Үкімет отырысында аймақ әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.

Өсім жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу есебінен қамтамасыз етілген. Мысалы, KIA жаңа зауыты 68 өнеркәсіптік роботпен жабдықталған (автоматтандыру деңгейі – 60%), ал KamLitKZ кәсіпорындарында тиімділікті 15%-ға арттыратын ЖИ және машиналық көру жүйелері енгізілген.

«Заманауи өндірістер жаңа форматтағы мамандарды талап етеді. Осыған байланысты ЖОО базасында әлемнің жетекші университеттерімен қос дипломды білім беру бағдарламалары ашылды. «Ақпараттық технологиялар» мамандығына басымдық беріліп отыр, соған сәйкес Жасанды интеллект кафедрасы ашылды», — деп атап өтті облыс әкімі.

Жалпы, биылғы 10 айдың ішінде өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2 трлн теңгені құрады, бұл ретте машина жасауда өсім 22,6%-ға жетті.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар