Отбасы банк баспана кезегін реттеудің жаңа механизмін іске қосады
- авторБақытжан Бекболат
- 24 ақпан, 2026
- 72
2 наурыздан бастап Отбасы банк тұрғын үйлерді бөлу тәртібіне өзгеріс енгізеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді баспана кезегінде тұрған азаматтар міндетті түрде алдын ала түгендеуден (инвентаризациядан) өтуі тиіс. Бұл рәсім тұрғын үйді үлестіру алдындағы негізгі кезеңге айналмақ.
Банк мәліметінше, егер кезекте тұрған адам түгендеуден өтпесе, ол тізімнен шығарылмайды. Алайда мұндай азаматтарға баспана бөлу қарастырылмайды. Яғни, түгендеуден өтпегендер жалдамалы тұрғын үйге де, 2% және 5% мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген ипотекалық несиелерге де қол жеткізе алмайды.
Қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде тұрған 257 мың азамат түгендеу рәсімінен өтіп үлгерген.
Айта кетейік, жаңа талап баспанаға мұқтаж азаматтардың деректерін нақтылап, тұрғын үйді әділ бөлу мақсатында енгізіліп отыр.






