жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодар облысында 33 мың гектардан астам алқап лимандық әдіспен суландырылды

Павлодар облысында 33 мың гектардан астам алқап лимандық әдіспен суландырылды
Pixabay.com
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Павлодар облысында «Қазсушар» РМК облыстық филиалы экологиялық су жіберулер аясында 33 мың гектардан астам жерді суландырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жұмыс Шідерті лиманды суару жүйесі арқылы жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, Екібастұз қаласына қарасты Екібастұз, Ақкөл және Сарықамыс ауылдық округтерінде, сондай-ақ Ақтоғай ауданындағы Жолболды, Басқамыс және Жалаулы ауылдық округтерінде 21 мың гектардан астам жерге су жіберілді.

Су жіберулер сонымен қатар Павлодар облысындағы Әулиекөл көлдер жүйесін, Басентин және Шығанақ көлдерін толтыруға бағытталды.

Жоғарғы Ертіс су қоймалары каскадынан су жіберу аясында Қолыбаев массивінде Қазан, Саты және Малайсары ауылдық округтерінің аумағындағы шамамен 12 240 гектар лиман суландырылды.

«Павлодар облысындағы «Қазсушар» филиалы жыл сайын экожүйені сақтау мақсатында экологиялық су жіберулер жүргізеді. Бұл өңірдің қоршаған ортасы мен биологиялық әртүрлілігін сақтауға, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы және облыс экономикасының дамуына ықпал етеді. Мұның бәрі жергілікті халықтың әл-ауқатына оң әсерін тигізеді», – деді Павлодар облысының «Қазсушар» филиалы директоры Арман Оспанов.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар