Елімізде

Павлодардағы ірі кәсіпорын қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін 28 млрд теңгеге айыппұл төлейді

Апелляциялық саты алғашқы инстанция сотының серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды

Павлодардағы кәсіпорын қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін 28 млрд теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталды.