жұма, 30 қаңтар, 2026 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Петропавлда сталкинг бойынша Қазақстандағы алғашқы сот үкімі шықты

Петропавлда сталкинг бойынша Қазақстандағы алғашқы сот үкімі шықты
depositphotos
Айыпталушы жәбірленушіні тұрақты түрде аңдып, оның өзімен және жақындарымен жанжалдасқан.

Петропавл қалалық соты елде алғаш рет сталкинг фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс материалдарына сәйкес, 37 жастағы ер адам бір жарым жыл бойы әйел адамды үздіксіз қудалаған.

Айыпталушы жәбірленушіні тұрақты түрде аңдып, оның өзімен және жақындарымен жанжалға барған. Соның салдарынан әйел қала ішінде еркін жүріп-тұру мүмкіндігінен айырылған.

Белгілі болғандай, ер адам бұған дейін де жәбірленушіге қатысты балағат сөздер айтып, күш қолданған, сондай-ақ оның танысына шабуыл жасаған. Осы әрекеттері үшін ол бұрын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғанымен, қудалауын жалғастырған.

Сот шешімімен айыпталушы 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, оған алкогольді ішімдік ішуге және жәбірленушімен кез келген байланыс орнатуға тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар