жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пилотсыз таксилер ұсынылды: отандық IT-жобаны 2026 жылы іске қосу жоспарлап отыр

Пилотсыз таксилер ұсынылды: отандық IT-жобаны 2026 жылы іске қосу жоспарлап отыр
Үкімет
Отандық Jet Sharing компаниясы пилоттық жобаны іске қосу туралы жоспары бар екенін жариялады.

Ал 2027 жылы сервисті толыққанды коммерциялық ауқымда пайдалануға беруі мүмкін. Еліміздің көлік саласын цифрландыру шеңберіндегі бұл жаңашылдық Digital Bridge 2025 технологиялық форумында таныстырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес елімізде жасанды интеллект технологияларын қарқынды енгізу жалғасуда.

Технология жасанды интеллектіге негізделген, ол автомобильдің өзін де, тапсырыстарды бөлу және баға белгілеу процестерін де басқарады. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндағы негізгі және ең шығынды көп қажет ететін тұс – көліктер навигациясына қажет қаланың жоғары дәлдіктегі 3D картасын жасау болмақ. Тестілеуге арналған бастапқы алаң ретінде Alatau city қарастырылуда, одан кейін Астана мен Алматыға шығу жоспары бар.

«Біз мұндай қызметті ТМД бойынша бірінші болып іске қосамыз деп сенемін. Егер мемлекет қолдау білдірсе, сынақ кезеңін 2026 жылы бастауға, ал 2027 жылы толыққанды сервисті пайдалануға беруге дайынбыз. Жалғыз ғана қиын тұс – Қазақстанда әзірге жоқ 3D-навигацияны құру», 

— деді Jet Sharing компаниясының негізін қалаушы Мейрамбек Әбілқасов.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар