Елімізде
Президент бокстан Әлем чемпионатының жүлдегерлерін құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қыркүйек, 2025
- 528
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды.
Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті.
Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет.
Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды Президент Instagram парақшасында.
Келесі мақала
Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Президент кезекті әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2026






