Елімізде

Президент медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны күшейтуді тапсырды

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне күш қолдану, шабуыл жасау және қатыгездік таныту фактілеріне байланысты жазаны қатаңдату жөніндегі бастаманы қолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жөніндегі ұсынысты қолдап, Үкіметке заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңінен талқыланатын болады.