Елімізде

Президент Тоқаев Меруерт Камалиденованы FIDE Әлем кубогындағы жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Меруерт Камалиденованы FIDE World Cup 2025 жарысындағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.