Qazaq Air Астанадан Бішкек пен Самарқандқа тікелей рейстерді іске қосады
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қазан, 2025
- 276
Бұл бастама Орталық Азиядағы бағыттарды кеңейтуге және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі мемлекеттері арасындағы туризмді, сауданы, білім мен мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі стратегиялық ұстанымын жүзеге асыруға бағытталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана – Самарқанд – Астана бағыты бойынша аптасына екі рет (жұма және жексенбі),
ал 10 қарашадан бастап Астана – Бішкек – Астана бағыты бойынша аптасына екі рет (дүйсенбі және бейсенбі) тұрақты тікелей рейстер орындалады.
Астанадағы хаб арқылы Qazaq Air жолаушыларға Бішкек, Самарқанд, Омбы, Новосібір және Қазақстанның өзге де өңірлеріне ыңғайлы қосылу мүмкіндігін ұсынады.
Жаңа бағыттар аймақ елдері арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды нығайтып, Орталық Азиядағы ынтымақтастықты одан әрі жандандырады.






