Елімізде

"Рекорд": Алматы қаласы биыл бюджетке түсетін жалпы кірісті 2,3 трлн теңгеден асырмақ

Бұл туралы қалалық әкімдік мәлімдеді

2025 жылдың тоғыз айында Алматы қаласының жергілікті бюджет кірістері 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алматы қаласы биыл жыл соңына дейін бюджетке түсетін жалпы кірісті 2,3 трлн теңгеден асыруды жоспарлап отыр. Егер жоспар орындалса, бұл қала тарихындағы ең жоғары көрсеткішке айналады.

Бюджет кірістерінің өсуі қаланың тұрақты дамып келе жатқанын дәлелдейді. Соңғы жылдары Алматыда ауқымды экономикалық және әлеуметтік бастамалар іске асырылып, шаһарды дамытудың кешенді стратегиясы жүзеге асырылуда. Қала 35 жыл ішінде еліміздегі жасампаздық пен дамудың символына айналып, оның жетістігі бүкіл елдің мақтанышы болып отыр.