Елімізде

Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Руслан Берденов өз өтініші бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 Ол аталған қызметті 2025 жылдың ақпан айынан бері атқарып келген.

Берденов 1985 жылы Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін бітірген. Мамандығы – іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент.

Еңбек жолын 2007 жылы Procter & Gamble LLP компаниясынан бастаған. Әр жылдары EASTCOMTRANS ЖШС-де, “Ақ ниет” ЖШС-де және Aq Niet Group компаниясында басшылық қызметтер атқарды. 2023 жылдың наурызынан қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.