2026 жылғы 27 наурызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 482,53 теңгені құрап, 0,63 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 5,92 теңгеге дейін көтерілді (+0,05).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 69,72 теңгені құрап, 0,09 теңгеге төмендеді.
Айырбас пункттерінде доллар 482,6–484,7 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 555,2–560,4 теңге, рубль – 5,83–5,99 теңге аралығында.
27 наурызда әлемдік мұнай бағасы да өсім көрсетті. ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың маусым айына арналған фьючерстері 1,71%-ға қымбаттап, барреліне 103,63 долларды құрады.
Ал NYMEX алаңында WTI маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстері 1,67%-ға өсіп, барреліне 96,06 доллар болды.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
«Жер сағаты» акциясы: елде жарық бір сағатқа өшіріледі
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026





