Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 12:19
- 112
3 ақпан күні Семей қаласында полицияға қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған жаңа туған сәбидің мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақпарат түскен бойда оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанған.
Алдын ала тексеру нәтижесінде үй жағдайында босанған 20 жастағы әйелдің жеке басы анықталды. Оның айтуынша, сәби дүниеге өлі келген. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Полиция дерегінше, сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің денесін қоқыс контейнеріне тастаған қала тұрғыны анықталған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сәбидің мәйіті сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданып, тараптардың әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.





