жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеретінін ескертті

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеретінін ескертті
Фото: Jambylinfo.kz
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері республика аумағында солтүстік-батыс циклонының ықпалы сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Алдағы күндері солтүстік-батыс циклонының ықпалы республиканың басым бөлігіне сақталады – найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа райы кезеңнің соңына қарай республика батысы мен солтүстік-батысына батыс антициклонының тарамы ығысып, жауын-шашынның тоқтауы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең – тұман.

Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +20…+25°С дейін төмендейді.

Орталықта түнде +9…+18°С, күндіз +18…+30°С.

Шығыста түнде +7…+18°С, күндіз +19…+27°С.

Батыста түнде +15…+23°С дейін жоғарылап, күндіз +30…+37°С.

Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +25…+33°С.

Оңтүстікте түнде +13…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +27…+35°С.

Оңтүстік-шығыста түнде +10…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +20…+32°С күтіледі", — делінген хабарламада.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар