Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеретінін ескертті
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері республика аумағында солтүстік-батыс циклонының ықпалы сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz