сәрсенбі, 10 желтоқсан, 2025 16:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өскемен арматура зауыты КҚК үшін жабдық өндіруге кіріседі

Өскемен арматура зауыты КҚК үшін жабдық өндіруге кіріседі
Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен «Өскемен арматура зауыты» АҚ мен «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құжатқа «ӨАЗ» АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.

Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолдануды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.

Келісім шеңберінде тараптар «КҚК-Қ» АҚ-ны Қазақстаннан шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жаңғырту және сынақтан өткізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге әрі енгізуге ниетті.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар