бейсенбі, 26 ақпан, 2026 3:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау аяқталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау аяқталды
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы Сергеев және Петропавл гидротораптарында жоспарланған жөндеу жұмыстарын толық аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Екі нысанда да жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілді.

Биыл Сергеев және Петропавл гидротораптарындағы жөндеу жұмыстары аясында 7 іс-шараны орындау жоспарланған. Екі нысан да Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарландыру жүйесімен біріктірілген жергілікті ескерту жүйелерімен жабдықталған.

Сергеев гидроторабы Есіл өзенінің ағынын реттейтін негізгі нысан және Петропавл гидроторабымен каскадта жұмыс істейді. Бұл екі нысан Солтүстік Қазақстан облысын, сондай-ақ Қостанай және Ақмола облыстарын ішінара сумен қамтамасыз ететін бірыңғай су шаруашылығы кешенін құрайды.

«Авариялық кезекші бригадалар құрылды, мамандар қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Учаскелердегі қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Су қоймаларының толу деңгейін тәулік бойы бақылау және су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы әріптестерге жеткізу үшін жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды», – деді «Қазсушар» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысындағы филиал директоры Ержан Кусумбаев.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар