Елімізде

Су саласы мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны 70%-ға артты

2025-2026 оқу жылына гидрогеология және гидрология сияқты пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлінді.

Су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының саны да артып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа оқу жылынан бастап Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті алғаш рет «Гидромелиорация» мамандығы бойынша студенттерді қабылдауды жоспарлап отыр.

Биыл су саласында өндірістік тәжірибеден өткен студенттердің саны төрт есе өскенін еске сала кетейік. Былтыр тәжірибеден өткен студенттер саны 82 болса, биыл бұл көрсеткіш 339-ға жетті.