Елімізде

Тұман, жел, боран: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Қазгидромет" РМК мамандарының дерегінше, алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсірей бастайды, және республиканың аумағына Атлантикалық циклон жылжи бастайды. Ол тұрақсыз ауа райын алып келеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қарлы боран мен қар жауып, боран күтіледі.