Түркістан облысында сор шаю үшін 400 млн текше метр су берілді
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы Жетісай және Мақтаарал аудандарында сор шаю жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жалпы алғанда филиал Жетісай ауданындағы 53,6 мың гектар және Мақтаарал ауданындағы 41 мың гектар алқапта сор шаю үшін 400 млн текше метр су жіберді.
Сонымен қатар Шардара ауданында 8,1 мың гектар алқапта топырақты ылғалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бұл мақсатқа 262 млн текше метр су берілген.
