Елімізде

Таяу Шығыс елдерінен келген ұшақтар Қазақстан әуежайларына қонды

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады: 

KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;

KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;

KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам; 

KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды. 

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.