дүйсенбі, 4 мамыр, 2026 14:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тегін дәрі-дәрмек тізімі жаңарады: қандай өзгерістер енгізіледі?

Тегін дәрі-дәрмек тізімі жаңарады: қандай өзгерістер енгізіледі?
Pixabay.com
Жаңартулар аясында клиникалық тұрғыда тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілер енгізілмек.

Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық деңгейде азаматтардың белгілі бір топтарын тегін немесе жеңілдікпен дәрі-дәрмекпен қамту тізімін жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осы мақсатта тиісті бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша жоба әзірленген.

Жаңартулар аясында клиникалық тұрғыда тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілер енгізілмек. Атап айтқанда, 16 түрлі ауру түріне арналған 23 заманауи препарат тізімге қосу ұсынылған.

Мысалы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған балаларды емдеуде Ивабрадин және Сакубитрил/Валсартан біріктірілген түрде қолдану қарастырылып отыр. Сонымен қатар, ауыр дәрежедегі бронх демікпесі бар науқастарға арналған емдеу схемасына Омализумаб енгізілмек.

Ювенильді артритке шалдыққан пациенттер үшін де терапия мүмкіндіктері кеңейтіледі. Бұл бағытта Канакинумаб, Тоцилизумаб, Голимумаб және Адалимумаб препараттарын пайдалану ұсынылып отыр.

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер медициналық тәжірибеде өз тиімділігін дәлелдеген инновациялық дәрілерді қамтиды. Сонымен қатар, қазіргі талаптарға сәйкес келмейтін және қолдану өзектілігін жоғалтқан кейбір препараттарды тізімнен шығару көзделген.

Мамандардың айтуынша, мұндай жаңарту амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің сапасын арттырып, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл түзетулер Формулярлық комиссияның ұсыныстары негізінде әзірленген. Нәтижесінде пациенттер заманауи клиникалық стандарттарға сай, сапалы әрі тиімді ем алу мүмкіндігіне ие болады.

Жалпы, аталған өзгерістер дәрілік қамтамасыз ету жүйесін халықаралық тәжірибеге жақындатып, медициналық көмектің деңгейін көтеруге бағытталған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар