Тоқаев Бектеновке экономикалық реформаларды іске асыру жоспарын осы апта соңына дейін ұсынуды тапсырды
Бұл туралы Президенттің көмекшісі - Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.